Желден құлаған ағаш бағдаршамды бүлдіре жаздады

253

Шымкентте күн жауын шашынды. Қатты желдің салдарынан сағат 11-лер шамасында Қазыбек би көшесіндегі ағаш бағдаршамды істен шығаруға аз қалды.

Оқиға болған жерге тезарада ТЖД-нің қызметкерлері мен «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-нің мамандары келді. Олар құлағалы тұрған ағашты кесіп, дер кезінде апаттың алдын алды. Нәтижесінде ешкім зардап шеккен жоқ.