Оңтүстікте жазғы лагерьлер жұмысы басталды. Бүгін қаламыздағы мектеп оқушыларының алғашқы легі «Арман» лагеріне аттанды. Мұнда жиналған 311 оқушының барлығы әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балалары.
Сондай-ақ, бүгін 272 бала «Үш бұлақ» лагеріне, ал 210 бала «Ақсу» лагеріне жіберіледі. Қалалық білім бөлімі мамандарының айтуынша өңіріміздегі «Арман», «Үш бұлақ» және «Ақсу» лагерлерінде жаз бойына 5483 бала демалады деп күтілуде. Ал бүгін жолға шыққан бүлдіршіндер 10 күн бойына демалатын болады. Балалардың жазғы демалысын көңілді әрі тиімді өткізуі үшін онда барлық жағдай жасалған екен.
Жанерке Хұмар