Алдағы демалыс күндері Шымкентте ауа райы 40 градусқа дейін ыстық болады деп болжайды синоптиктер. Осыған орай, шілденің шіліңгір ыстығында «Дельфин» аквабағы шомылып, көңіл көтеруге шақырады. Демалыс орнында сіздің тынығуыңызға қажет жағдай қарастырылған. Таза суға толы бассейндер, су сырғанақтары, жағалау жастығы — бәрі бар. Ендеше, «Дельфин» жанға жайлылық қана емес, қызыққа толы демалыс та сыйлайды.
Аптап ыстықта салқын суға шомылып, қызыққа батыңыз! Шымкенттіктердің қуанышты мезеттерін “Дельфин” аквабағында өткізуді жақсы әдетке айналдырғалы қашан. Мөлдір сулы хауыз, су сырғанақ пен жатын орындар демалыстың ойдағыдай өтуіне кепіл болмақ. Мұнда, әсіресе, жас демалушыларға көп көңіл бөлінген. Күнге қыздырынып, суға шомылған бүлдіршіндер денсаулығын жақсарта алады.
Динара Сейітқасымова: «Демалысымыз керемет өтіп жатыр. Мөлдір таза судан шықпай шомыла бергің келеді. Су жылы.»
“Дельфин” аквабағында басқа қалалардан келіп тынығып жүргендер де бар. Олар жергілікті демалыс орнына тәнті болып жүр. Тіпті, қала орталығында осылайша көңіл көтеруге болады деп ойламадық дейді.
Медина Зиятхан: «Біз Түркістаннан демалу үшін отбасымызбен арнайы келдік. Мұндағы сырғанақшалар да маған қатты ұнады, мұнда бәрі қызық, су жылы.»
Гүлмира Қожахметова: «Біз шырайлы Шымқалаға Астанадан күнге қыздырыну үшін келдік. Бассейндері таза, табиғаты тамаша, ауа райы да жанға қолайлы болып тұр. Бұл жер Түркиядағы демалыс орындарынан кем түспейді.»
Аквасаябақтағы бассейндерде осылайша үлкен де, кіші де асыр салып, шомылып жүр. Айтпақшы, мұнда балғындар үшін жылы суға толтырылған арнайы шағын бассейндер де бар.
Ендеше, күн шуағына қыздырынып, уақытты көңілді өткізгіңіз келсе, “Дельфин” аквабағы сізді күтеді. Мұнда отбасыңызбен келіп, асыр салып демалсаңыз, тиімдірек болады. Үлкендерге аквасаябаққа кіру билеті 1000 теңге болса, балаларға небәрі — 600 теңге. Аквапарк күн сайын сағат күндізгі 12:00 ден кешкі 20:00 ге дейін ашық.
Мекенжайы; Абай саябағы, Рысқұлбеков көшесінің бойында.
Гүлжан Байназарова