Түркістанда ашық аспан астында бассейн салынуда

396

Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлы Б. Саттарханов даңғылы бойында салынып жатқан бассейн жұмысымен танысты. «Aqualand» атауы берілген бассейн – қаладағы карантин режимі аяқтала, жазды бұрынғысынша көңілді өткізіп, суда шомылуға мүмкіндік береді.

Инвесторлар тарапынан іске асқан демалыс орнында кафе, ресторан сынды кәсіпкерлік орындар болады. Бұл жаңа жұмыс орнының ашылуына және жұмыссыз тұрғындарға қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Ашық алаңда салынған жоба желілік саябақ құрамында іске асқан. Жуық арада пайдалануға беріліп, жарқын күндерді отбасымен, достармен өткізуге сеп болады.

Сонымен қатар, қала әкімі шаһарды аралау барысында орталық автовокзалда карантин режимі талаптарына қарамастан, қозғалыс жасамақ болған старекс көліктерін бақылап, полиция қызметкерлеріне қадағалау жасауды тапсырды. Қазіргі жағдайға байланысты қалааралық және ауданаралық қатынас жүруіне тыйым салынғаны белгілі бола тұра, қозғалыс жасамақ болғандарға шара көріледі.

Ал, «Керуен Сарай» кешенінің құрылыс қарқыны талапқа сай жүргізілуде. Ежелгі шығыс базарының келбетін көрсететін аумақ осы жылы қолданысқа берілуі жоспарланған.⠀