ОҚО әкімі Елбасының атынан балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар тарту етті

1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Арыс қаласында орналасқан Төлеген Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар үйіне барды. Балалардың мерекелік концерттік бағдарламасын тамашалаған аймақ басшысы Елбасының атынан осындағы тәрбиеленушілерге велосипед, теледидар және өзге де сыйлықтар мен ЭКСПО-2017 халықаралық көрме билеттерін тапсырды.

ОҚО әкімі Елбасының атынан балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар тарту етті

– Балалар мерекесіне орай сіздерге әдейі келіп отырмын. Бала – біздің болашағымыз. Сондықтан еліміздің ертеңгі тірегі болатын сендердің болашақтарыңды баянды ету – біздің парыз. Сіздер үмітті ақтап, сабақты жақсы оқитындарыңызға, үлгілі де тәртіпті бала боп өсетіндеріңізге сенімім мол. Елбасымыз бәсекеге қабілетті болу үшін ең алдымен білімді болуды айтқан болатын. Яғни, білімді болумен қатар, дұрыс тәрбие де алуымыз қажет. Тәрбиесіз білім – сусыз диірмен, – деді аймақ басшысы.

ОҚО әкімі Елбасының атынан балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар тарту етті

ОҚО әкімі Елбасының атынан балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар тарту етті

ОҚО әкімі Елбасының атынан балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар тарту етті

90 жылдан астам тарихы бар отбасы үлгісіндегі балалар үйінен атақты ғалымдар мен жазушылар, ұлт мақтанышына айналған батырлар, белгілі қоғам қайраткерлері мен Кеңес одағының батырлары Бейсен Оңтаев, Садық Исмайлов, Берген Исаханов, Нағи Ілиясов, Иван Журбалар ұшса, қазақтың белгілі жазушысы, сатирик, драматург Садықбек Адамбеков пен есімі берілген Төлеген Тәжібаев та осында тәлім-тәрбие алған.

ОҚО әкімі Елбасының атынан балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар тарту етті

ОҚО әкімі Елбасының атынан балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар тарту етті

Мұнымен қоса әкім осы балалар ауылынан 5 жетімді асырап алып отырған Диқанбаевтар отбасына алғысын білдіріп, өзінікімен қосқанда 9 балалы-шағалы болған үлкен отбасыға теледидар мен барып келу шығыны қарастырылған ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің билетін тарту етті.

ОҚО әкімі Елбасының атынан балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар тарту етті

ОҚО әкімі Елбасының атынан балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар тарту етті

ОҚО әкімі Елбасының атынан балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар тарту етті

Осы жылдар ішінде ұядан ұшқан үш мыңға жуық тәрбиеленуші өмірден өз бақытын тапқан. Бүгінде мұнда 72 бала тәрбиеленуде. Олардың әр қайсысы түрлі ұлттан болғанымен барлығы бір тілде яғни, қазақ тілінде сөйлейді. Бірнеше тілді меңгерген балалар өнерлі де сұлу әрі тәрбиелі.

ОҚО әкімі Елбасының атынан балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар тарту етті

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
Фото – Самат Мырзалиев