Оңтүстіктің өнерпаздары Түркиядан оралды. Олар шетелдің бір емес бірнеше қаласында «Қазақстан кеші» концертін өткізді. Халықаралық сегізінші Рамазан фестивалі аясында өткен іс-шараның ұйымдастырушылары — Қазақстанның Түркиядағы елшілігі мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі.
Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жыл толуына орай Оңтүстік өңірінен 42 делегат арнайы барған. Олардың ішінде еліміздің еңбегі сіңген қайраткерлерімен қоса мәдениет майталмандары да бар. Түркиядағы Қазақстан кешінде фольклорлық ансамбл Оңтүстіктің мәдениетін паш етті. Өнерпаздар тек ұлттық өнерімізді ғана емес, түрік ағайындардың да өнерін көрсетіп, бауырлас көрермендердің ыстық ықыласына бөленгендерін айтады.
Жанерке Хұмар