Сегіз қырлы, бір сырлы өнер ұжымы

40

Ордабасы ауданының өнерпаздары тек облыста емес республика көлемінде танымал. Шағын ғана өнер ұжымының қойылымдары көрермендерді рухани азықтандырып қана қоймай, өмірде болып жатқан құбылыстарды тереңірек кеңірек ұғынуға ой салады.

Сахнада жазушы-драматург Дулат Исабековтың «Әпке» қойылымына дайындық жүріп жатыр. 1977 жылы жазылған драма -сахналық қойылымға арналған шығарма. Көрермендердің оң бағасын алған драманы Ордабасы ауданындағы мәдениет үйінің шығармашылық тобы кезекті рет сахналауға бел буыпты. Өйткені жарты ғасыр өтсе де шығармада көтерілетін мәселелер бүгінгі кезеңде де актуалдығын жоғалтпаған.

Перизат Баймаханова, Ордабасы ауданындағы мәдениет үйінің «Темірлан» халық театрының режиссері: «Өзіміздің жерлесіміз  белгілі  жазушы-драматруг Дулат Исабеков ағамыздың «Әпке» драмасын сахнаға қазанда шығарамыз, Қазір «читка» дайындық жүргізіліп жатыр».

Басты кейіпкер – Қамажай, өмірге құштар жан. Ата-анасынан жастай айырылған ол – өз өмірін тек бауырларына арнаймын деп жеке өмірі жайлы ойлауды қояды, оны Қабен атты жігітке » Қабен ол…ол қиын сияқты, бауырларымды қиып тастай алмаймын, олар әлі мен үшін бала, өздігінен өмір сүретініне күмәнім бар…» деп ұсынысына кері жауап қайтарғанынан білеміз. Шығарма шиеленісті түрде жазылған, әрі терең философиялық мағынаға ие. Көп адамның сұранысын тудыратын шығарма дейді режиссер

Бұл драмадан бөлек, шыңармашылық топ ұлттық эпос «Қозы-Көрпеш- Баян сұлу»-ды сахналауды да қолға алған.

«Былтыр «Қажы Мұқан»  қойылымын  Астанада қойдық. Көрермен жылы қабылдады», дейді  Перизат Баймаханова.

Әртістердің сегіз қырлы, бір сырлылығын түсірілім барысында байқадық. Саханада рольдерін сомдап жаттығудан қолы босаған шақта өнер иелері қолдарына ұлттық аспапты алып, тебірене ән салады.

Ордабасылықтар мұнымен шектелмеді, вокалды аспапты ансамбль өнерлерін бізге паш етті. Халықтың сүйіп тыңдайтын әндерін бірінен кейін бірін орындап бізді жігерлендірді. Осындай орындаулар шеберлігімізді шыңдауға, бір біріміздің өнерге деген сүйіспеншілігімізді одан ары арттыруға үлесін қосады дейді мәдениет үйінің директоры.

Гүлзина Балабиева, Ордабасы ауданындағы мәдениет үйінің директоры: «Аудан орталығындағы мәдениет үйінен бөлек, ауылдарда 5 мәдениет үйі, бес клуб бар. Онда шығармашылық қызметкерлер мен клуб меңгерушілері қызмет атқаруда. Олар қойылымдарға, ауданда, өзге де елдімекендерде түрлі мәдени іс шараларға үнемі қатысады».