Дәстүрлі «Арай» байқауы шымылдығын ашты

Оңтүстікте дәстүрлі «Арай» байқауы шымылдығын ашты. Жас әншілер мен мәдени іс-шара жүргізушілері сайысы биыл 21-жыл қатарынан ұйымдастырылуда. Байқаудың алғашқы айналымына облыс көлемінен 512 үміткер өтініш білдірген.

Үміткерлерді саралап, іріктеу жұмысы облыстың аудан-қалаларында 27-29 қаңтар күндері өтті. Бұл биылғы сайыстың бір ерекшелігі болып отыр.

Әр аймақтың өнерпаздарын іріктеуден өткізгендер –  өнер дүлдүлдері. Олар жас таланттармен ақтық сынға дейін тәлімгерлік жұмыстарын жүргізеді. Енді 1 ақпан күні өткен байқаудың екінші кезеңіне 129 үміткер қатысты. Қатысушылардың жас 16-29 аралығында.

Енді жүзден жүйрік шыққан 30 сайыскер биылғы 10 ақпан күні ақтық сында марапатталатын болады. Айта кетейік, А.Жорабаева, «Мұнарлан» тобы, Т.Мамырханұлы, Ж. Жексенұлы сынды өнер жұлдыздары – «Арай» байқауының лауреаттары.