«Менің Қазақстаным — менің елім!» Дарынды балаларға арналған №1 облыстық мектеп-интернатында осындай тақырыппен облыстық байқаудың ашылу салтанаты өтті. 6-7 маусым күндері өтетін білім байқауына өңіріміздің 10 ауданынан 12 оқушыдан келіп қатысуда.
Олар жарыстың алғашқы күні тақырыпқа сай өз ұраны, туы, әні, атрибуттары және өзіндік киім үлгілерімен таныстыру кезеңінен өтуі тиіс. Одан кейін сұрақ-жауап және эссе жазуға кіріседі. Ал байқаудың басқа кезеңдері және марапаттау салтанаты 7 маусым күні өтеді.
Сан талант бәйгеге түсіп, бақ сынаған сайыс дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы байқау жылдағыдан өзгеше өтуде. Себебі, бұған дейін «Менің Қазақстаным — менің елім» тақырыбында эссе жазу болмаған.
Әлия Әділбек