Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтының түлектері диплом алды

754
Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтының түлектері диплом алды

Мардан Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтының кезекті түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті. Бұл оқу орнын 11 мамандық бойынша 900-ға жуық түлек оқуын тәмамдап, елден сүйінші сұрады. Оның ішінде 14 өрен 4 жыл бойы үздік оқып, сабағын қызыл дипломға аяқтап отыр.

Міне, тағы да 900 түлек қолдарына диплом алып, маман атанбақ. Оқу орнын үздік бітірушілерге институтты бітірді деген басты құжатты білім ордасының ректоры табыстады.

Мөлдір Жаманқұлованың мамандығы — қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі. Болашақ қазақ тілінің жанашыры. 4 жыл бойы үздік оқыған жастың ендігі арманы – тәжірибеден өткен мектепке жұмысқа орналасу.

Биылғы диплом табыстау рәсімі жылдағыдан ерекше өтуде. Себебі, ұстаздар, ата-аналар мен қонақтардан бөлек, түрлі саладағы жұмыс берушілер, кәсіпкерлер де арнайы шақырылған. Бұл түлектердің қолдарына диплом алысымен жұмысқа орналастыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Бұл түлектер осы оқу орнының қатарынан 21-түлектері. Елден сүйінші сұраған ендігі жас мамандарды біз де құттықтаймыз. Бағындырар биіктеріңіз көп болсын!

Әлия Әділбек