«Ордабасы» «Қайраттан» тағы жеңілді

341
і "Қайраттың" фанаттарымен жаңаласты

«Ордабасы» үшін алматылық «Қайратты» жеңу қол жетпеске айналып барады. Биылғы маусымның өзінде жерлестеріміз Кахабер Цхададзенің шәкірттерімен үш рет кездесіп, үшеуінде де жеңілді. Алматыда өткен ел Кубогі үшін таластан кейінгі матчта ордабасылықтар Қайратпен енді өз алаңында кездесті.

Алдымен Ордабасының ойынына көңілі толмаған аға буын өкілдері VIP-орындарға жайғасқан клуб басшылығынан бірқатар сауалдарға жауап талап етті. «Намыс» стадионында VIP трибуна мен қарапайым жанкүйерлер арасы жақын. Соны пайдаланған жерлестеріміз жанайқайын жеткізуге тырысты.

Оның үстіне ордабасылық футболшылар жасыл алаңда «Қайратты» жеңе алмай әлек. Шымкенттіктер алматылықтармен осымен үшінші рет кездесіп, үшеуінде де сәтсіз ойын көрсетуде. Ел Кубогі үшін таласта шымкенттік команданың қақпасына «Қайраттың» аяқдопшылары үш гол соққан болатын. Бұл ойын — ел чемпионаты. Ал бұл жолғы ойындағы алғашқы 10 минуттың ішінде Алмат Бекбаевтың қақпасына алғашқы доп соғылды. Гафур Суюмбаевтың соңынан оның командаласы есепті еселеді.

Командасының жеңілгеніне ренжіген шымкенттік жанкүйерлер алматылық қонақтармен күш сынасуға көшті. Осы тұста бұл стадионда жанкүйерлердің әрекетіне төтеп беру оңай еместігін тәртіп сақшылары да түсінді.

Ыңғайсыз орналасқан секторлар арасынан жүріп болмайсың. Оның өзіне трибунадан орын таппаған жанкйүерлер жайғасып алған. 3 мың адамға арналған трибуна тарлық етті. 90 минут бойына аяғынан тік тұрып футбол тамашалауға мәжбүр болғандар аз болмады.

Ордабасылықтардың есепті өзгертуге мүмкіндігі болды. Алайда, 11 метрлік айып соққыдан Александр Симчевич қақпаны бағындыра алмады. Есеп — 0:2. Осылайша «Қайрат» бұл жолы да «Ордабасыдан» басым түсті.

Сарбиназ Алдабергенова