«Ордабасы» футбол клубы сатылды

1124
"Ордабасы" командасы

Оңтүстіктің қос футбол командасы да жеке қолға өтті. Клубтың жекеменшікке өтетіні туралы әңгіменің тарағанына екі жыл болған. «Ордабасы» клубын иелену үшін үш кандидат бәсекеге түскен. Алайда, ұзақ уақыт бойы жергілікті бюджеттен қаржыланып келген команданың жаңа қожайыны кім екені әзірге белгісіз.

Бұған дейін «Ордасы» клубының сатылатыны туралы ақпарат мемлекеттік мүлік реестрінің сайтында жарияланған болатын. Ондағы мәлімет бойынша, бастапқы баға 248 млн теңге болып белгіленген. Команданы алғысы келетіндер қатарында «БИІИК «Спорт сервис», «Намыс» спорт орталығы» және тағы бір жеке тұлға аталды. Нәтижесінде жеке тұлға 502 млн теңгені төлеп, клубты иеленді, әзірге оның есімі аталмауда. Ал жауапты мамандар клубтардың заңды дәрежесі сақтала береді дейді.

Сарбиназ Алдабергенова