«Ордабасы» ФК-на биыл 7 миллиард теңге бөлінгені рас па?

168

«Ордабасы» футбол клубы жаңа маусымды бастады. Команда ойыншыларға формалар тапсырып, жанкүйерлермен кездесу өтті. Айта кетейік, команда құрамы биыл тек 10 пайызға жаңартылған. Бас бапкер сөзінше олар құрамның 90 пайызын сақтап қалыпты.


Бұл жаңа маусымға аяқ басқан «Ордабасы» футбол командасының жаңа ойыншылары. Құрам биыл 10 пайызға ауысқан. Команда сапынан белгілі ойыншы Темірлан Ерланов, Дмитрий Непогодов, Сергей Малый кеткен. Орнына 4 легионер келді. Олар Оңтүстік Африкалық жартылай қорғаушы Май Махлангу, Босния және Герцеговиниялық жартылай қорғаушы Мирзад Михонович, Ресейлік қорғаушы Александр Клещенко және сербиялық қорғаушы Александр Симчевич.


Кахабер Цхезадзе, «Ордабасы» ФК бас бапкері: «Арендада болған спортшылар өз командаларына кетті. Өкінішке орай, оларды алып қала алмадық. Оған қарамастан жақсы дайындалдық. Ендігісін ойын көрсетеді. Алдын ала ештеңе айта алмаймын. Үштіктен түспеуге тырысамыз».


«Ордабасы» футбол командасына таныстырылымана келгендердің қарасы аз емес. Шымкенттің бас футбол командасы десе ішкен асын жерге қоятын ақсақал да, ойын баласы да презинтацияда. Олар өткен жылы үшінші орынды місе тұтқан команданың биыл қоладан қағылмауын тілейді. Бірақ, биылғы құрам өткен жылмен салыстырғанда әлсіз екенін айтады.


Дүйсенов Өміртас, Ордабасы жанкүйері: «Былтырғы құрам жақсы еді негізі. Үйрендік. Бір-екі рет қате жібермесе, жақсы ойнады. Енді күтемізой, ын көрсетеді ғой».


Маусымды жеңіспен бастайтын «Ордабасы» жыл сайын қаржылық қиындықтарға тап болады. Жалақыларын біршама уақыт алмай, кейін дауға ұласатын бұл тақырып биыл да қайталануы мүмкін. Осылай деген команданың президенті кризисті қалыпты жағдайға балайды.


Бақтияр Байсейітов, «Ордабасы» ФК президенті: «Биыл қаржылық қиындықтар болмайды деп айтуға болмайды. Неге десеңіз әр командада сондай қиындар болады. «Астанада» да, «Тобыл» болсын. Бір, екі ай, үш ай алмай жүрген күндері болады».


Ордабасы алғашқы кездесуін 7 наурызда өткізеді. Өз алаңдарында «Оқжетпесті» қабылдайтын команда ойыны «Қажымұқанда» емес, «Биік» алаңында өтпек.

Назерке Үкібасова