«Шымкент Плаза» ойын-сауық және сауда орталығында «Біз біргеміз» атты ауқымды акция өтті. Мұнда ерекше балалар үшін арнайы ертегі кейіпкерлері шақыртылып, «Фанки Таун» әткеншектерінде тегін ойнау мүмкіндігі берілді. Бұл — орталық басшыларының балғындарға арнап әзірлеген сый-сияпаты болатын.
Мишка — бүгінгі балалар мерекесінің сүйікті кейіпкері. Потап Потапыч пен оның достары мұнда келген әр баланы құшаққа алып, мейірім төгіп жатты. «Шымкент-Плазадағы» балаларды қорғау күніне арналған «Біз біргеміз» акциясы осылайша өтуде. Елуден аса ерекше балалар тегін концерт көріп, «Фанки Таун» ойын әткеншектерінмен тегін тербелді.
Дима Попков бала кезіненен «Маша мен аю» мультфильмін сүйіп көреді. Балақай бүгін сол ертегінің кейіпкерлерімен кездеесіп, қуанышында шек болған жоқ. Жалпы, «Шымкент Плаза» орталығына жиналған балалардың барлығы да сүйікті мульт кейіпкерлерімен алғаш рет кездесіп отыр.
Мұнда балалар аттракциондары, әткеншектер, ойын аппараттары, тағы басқа балаларға шаттық сыйлар қуаныштар жетерлік. Ұйымдастырушылар балалардың барлық тілегінің орындалуына мән бергендерін айтады.
Ержан Аққұлақов, Shymkent PLAZA жарнама және маркетинг бөлімінің жетекшісі: «Біз балалардың бүгін ғана емес, үнемі күлімдеп, жүздерінің бал-бұл жанғанын қалаймыз. Балғындардың барлығы да үлкендер үшін қымбат екендерін түсінуі, сезінуі қажет.»
Мереке соңында бүлдіршіндерді тағы бір тосынсый күтіп тұрды. Тәтті толы мерекелік дастархан «Шымкент Плазаға» жиналған балғындардың шаттығын еселей түсті. Ал ұйымдастырушы бар болғаны ерекше балалардың қоғамға керек, қымбат екендерін сезінгенін қалайды.
Жанар Есенбекова