«Шымкент-Плаза» орталығынан адамдардың эвакуациялануы – жалған ақпар

121

 

«Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» бағдарламасы аясында Шымкент қаласының аумағында орналасқан барлық ірі сауда орындарында арнайы өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізіледі.

Бұл іс-шара өрт қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жоспарланған.

Қазіргі таңда «Шымкент Плаза» ірі сауда ойын-сауық орынында осы бағытта өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Жаттығу барысында сауда орнындағы барлық келушілер эвакуациялық шығу жерлерінен сыртқа шығарылып, шығу есіктерінің өткізу мүмкіншілігі тексеріледі.

Алдын ала бекіткен жоспарға сәйкес 03.03.2020 жылы сағат 10:17-де Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Әл-Фараби алаңы 3/14 үй, «Шымкент Плаза» ойын-сауық сауда орталығында өрт тактикалық оқу сабағы өткізілді. Шартты түрде өткізілген оқу сабағына «Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі» ММ 5 бірлік техника мен 24 жеке құрам қатысты.

Короновирус табылды деп, абай болыңыздар деген ақпарат жалған.

Шымкент ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы