Шымкент тұрғындары мен қала қонақтарының назарына! 14-16 мусым күндері қаланың бірнеше ауданында табиғи газ өшіріледі. Бұған себеп — газ құбырларын күзгі-қысқа маусымға дайындау дейді жауаптылар.
Нақты айтқанда 14-16 мусым күндері мына шағынаудандарда көгілдір отын беру уақытша тоқтатылады: Ақжар ауылы, әскери қалашық, Сәуле шағынауданы және осы аудандағы кірпіш зауыты. Газ таратушылар уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.