Әділет департаменті 6 айды қорытындылады

Оңтүстік Қазақстан облыстын әділет департаментінің басшылығы биылғы бірінші жарты жылдықта атқарған жұмыстары бойынша брифинг өткізді. Мамандар заңды тұлғаларды тіркеу саласы, заңгерлік қызмет көрсету, бағалау қызметі, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бойынша ақпарат берді. Азаматтардың сауаттылығын ашу мақсатында департамент тарапынан арнайы ашық есік күндері де ұйымдастырылған.

«100 нақты қадам» ұлт жоспарына сәйкес әділет департаментінде жеке сот орындаушылары институтын одан әрі дамыту көзделген. Облыс бойынша мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының қарауында көлемі 204 млрд теңгеден астам 300 мыңға жуық атқарушылық құжат бар. Осы мерзімде оның 3/1 бөлігі ғана шешімін тапқан. Өйткені, алимент өндіруде күрделіктер жетерлік.

Әділет департаменті 6 айды қорытындылады

Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу бойынша да іс-шаралар ұйымдастырылып, азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Әділет басқармаларымен 40 мыңға жуық мұрағаттық тіркеу іс-құжаттары қарастырылған.

Департамент тарапынан адвокаттардың және нотариустардың жұмыстарына да үнемі бақылау жасалады. Жалпы адвокаттардың саны – 427. Олардың үстінен түскен шағымның алғашқысына қатысты тәртіптік шара көрілсе, екіншісі бойынша әділет министрлігімен лицензияның күші тоқтатылды. Бұған қоса осы есепті мерзімде 63 мыңнан астам азаматтық хал актілері теркелген.

Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша 11 тексеру жүргізілген дейді заңгерлер. Оның барысында 370 мыңнан астам теңгенің мыңнан астам контрафактілік өнімі заңсыз айналымнан алынған. Бөтен тауар белгісін заңсыз пайдаланған нысандар бойынша да арыздарға сәйкес шаралар көрілген. Әділет департаментінде әр шағым бойынша тексеру жүргізіледі. Мамандар нақтылағандай, сот орындаушылары, адвокаттар мен нотариустардың қызметіне көңіліңіз толмаса, Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 16-ғимаратта орналасқан әділет департаментіне, ресми сайтына, 119 нөмірі арқылы ақпарат беру қызметіне немесе 58-0058 нөміріне хабарласуыңызға болады. Егер шағымыңыз болса, жазбаша түрде де арыздана аласыз.