Базардағы баға қандай

674
Базарда көкөніс пен жеміс-жидектің бағасы түспей тұр

Шымкентте Өзбекстаннан келіп жатқан көкөніс, жеміс-жидек бағасының арзандағаны байқалады. Сатушылар соңғы бірер аптаның ішінде бұл тауарлардың орта есеппен 20-30 пайызға арзандағанын айтады. Кәсіпкерлердің бірі мұны кедендегі кедергілердің азаюымен түсіндірсе, енді бірі өзіміздің өнімдердің сауда орындарына шыға бастағанымен байланыстырып отыр.

Көрші елдің тауарларына сұраныс бүгінде аса зор емес. Бағалары біраз арзандаса да халық жергілікті өнімдерге таңдау жасауда дейді оншақты жылдан бері саудамен Заәуре Бердиева. Айтуынша, қазір жұрт жиі тұтынатын қызанақ пен қиярдың да бағасы арзандаған. Көкөністердің құны қазір 50 теңгеге түскен.

Қазір Өзбекстанда піскен шабдалының келісі 400 теңге. Осыған дейін бұл жемістің бір келісі 600-700 теңгеге дейін шарықтап кетіп еді дейді саудагерлер. Алма мен киш-миш жүзімінің де бағасы 100-150 теңгеге арзан. Алайда тұтынушылар биыл көкөністер мен жеміс-жидектің бағасы былтырғыдан әлдеқайда қымбат дейді.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы барыс-келістің ұлғаятын күн де алыс емес. Жуырда халықаралық маңызы бар Ташкент-Термез бағытындағы М-39 автомобиль жолы мен Сырдария өткізу бекеті ашылды. Айта кетейік, өткен жылы екі көрші елдер арасындағы сауда-экономикалық айналым 2 миллиард АҚШ долларынан асып жығылған. Достық негізінде биылдың алты айында көрсеткіш 35-40 пайызға дейін ұлғайған.

Мақпал Рысбаева