Бекжан базарының қасындағы қиылыс жабылды

924
Бекжан базары маңындағы жол құрылысын айналып өту сызбасы

Шымкенттегі ірі қиылыстың бірі — Темірлан тасжолы мен Ахунбабаев көшесінің қиылысы жарты жылға жуық уақытқа жабылды. 11 шілдеден 12 шілдеге қараған түннен бастап мұндағы төрт бағытқа көлік қозғалысы тоқтатылған. Осыған орай қалалық әкімдік Бекжан базары жанындағы жол айырығын айналып өту жолын ұсынады. Еске салайық, мұнда iрi жол айырығы салынады.

Жолды жабуды алдын ала ақылдасып алған соң құрылыс компаниясының, жол-патрульдік полициясы мен Шымкент қалалық көлік бөлімінің өкілдері жұмыста бастап кетті. Шаһардағы ең негізгі қиылыстардың бірін жаба салу — оңай шаруа емес. Дегенмен, жауапты тұлғалардың бірге жұмыс істеуінің нәтижесінде көлік нөпірін басқа көшеге бұрудың да сәті түсті. Бірақ, ә дегеннен-ақ ұзыннан-ұзақ көлік тығыны пайда болды да қалды.

11 шілдеден 12 шілдеге қараған түннен бастап мұндағы төрт бағытқа көлік қозғалысы тоқтатылған. Осыған орай қалалық әкімдік Бекжан базары жанындағы жол айырығын айналып өту жолын ұсынады.

Жүргізушілер назарына - Шымкентте ірі жол айырығы салынады

Сонымен, әуежай жаққа баратын болсаңыз, сiзге авто орталық жанынан оңға бұрып, «Синойл» АЖБ-iн айналған соң қайтадан Темiрлан тасжолына түсу керек. Ал әуежай жақтан келе жатып, Шымкент орталығына жету үшiн Темiрлан тасжолымен келiп мешiттiң алдындағы оң жақ бұрылысқа түсу керек. Айта кету керек, әр оң жақ бұрылыста ашық сары түстi нұсқаулар орнатылып, «айналып өту» деп жазылған. Керек бағытқа жүру үшiн сонда бұрылсаңыз жеткiлiктi.

Айта кету керек, бұл қиылыстағы жаңа жол айырығын салу жұмысына 1 млрд 800 млн теңге жұмсалмақ. Ал Шымкент қаласының әкiмдiгi тұрғындарға түсініктік танытқаны үшін алғыс бiлдiрiп, уақытша қолайсыздықтар үшiн кешiрiм сұрайды.