ЭКСПО-2017 көрмесіне барған оқушылар оралды

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне аттанған оңтүстікқазақстандық 500 оқушы саяхаттарын аяқтап, үйлеріне оралды. Олар көптеген маңызды шаралардың куәсі болып, еліміздің және де шетелдердің жасыл экономикасымен, болашаққа құрған жоспарларымен танысып қайтты.

Астанаға Оңтүстіктен барған оқушылар 1 тәулік жолды артта қалдырса да шаршауды ұмытып, мәз-мейрам боп жүр. Олар әлем назарын өзіне аудартқан көрмені осыған дейін экранның арғы жағынан тамашалап жүрген болса, осы сапар арқылы еліміз бүкіл әлемді болашақ энергиясына үндейтін халықаралық көрмені өз көздерімен тамашалауға мүмкіндік алды.

ЭКСПО-2017 көрмесіне барған оқушылар оралды

«Нұр әлем» ұлттық павильоны – ЭКСПО-ның басты нысаны, жасыл экономиканың үлгісі. Алып нысанның 1-8-ші қабаттары еліміздің кешегісі мен келешегі жайлы баяндаса, қалған алтауындағы экспозияция жаңғыртылатын 6 түрлі энергия көздері жайлы паш етеді.

Бұл павильондағы ерекше әрі оқушылардың көңілінен шыққаны – ол 4-ші қабат болды, Яғни биомасса энергиясы деп аталады. Бұл жерде энергияны өсімдіктерден алудың жолдары көрсетілген.

ЭКСПО-2017 көрмесіне барған оқушылар оралды

Оқушылар уақыттың аздығына орай алғашқы күні тек ұлттық павильонды
аралап үлгерді. Бірақ, олар бұған мұңайған жоқ. Себебі, демалып, күш жинап алған соң, екінші күні басқа павильондарға сапар шегетін болады.

Әлия Әділбек