Оңтүстікте 3 тәулікте жол қозғалысы ережесін бұзудың 507 фактісі тіркелді

300
Оңтүстікте 3 тәулікте жол қозғалысы ережесін бұзудың 507 фактісі тіркелді

Оңтүстіктің полицейлері 3 тәулікте 362 әкімшілік хаттама толтырды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Оңтүстікте 3 тәулікте жол қозғалысы ережесін бұзудың 507 фактісі тіркелді

6-9 шілде күндері облыстық жергілікті полиция қызметкерлері «Автоураган» және «Крис-П» қондырғыларын пайдалана отырып Мақтаарал, Шардара және Сарыағаш аудандарында алдын алу іс-шарасы өткізді.

Рейд барысында жол қозғалысы ережесін бұзудың 507 фактісі анықталып, 362 жүргізушінің үстінен әкімшілік хаттама толтырылды және 63 автокөлік айыптұраққа қойылды. Жолаушылар тасымалдаумен айналысатын көлік жүргізушілерінің құқығын растайтын тиісті құжаты болмағаны үшін 4 факті анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 609-бабы бойынша хаттамалар толтырылды. Тәртіп сақшылары мұндай рейд алдағы уақытта да жалғасады деп отыр.