Қырғы базар маңында рейд өтті

421
Бүгін Әл Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлері

Шымкенттегі Әл Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлері «Абайлаңыз, автокөлік!» акциясын өткізді. Қаладағы қырғы базар маңында жаяу жүргіншілер тарапынан жол жүру тәртібін бұзу фактісі жиі болатыны белгілі.

Осыған орай әкімдік мамандары жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып базар маңындағы жолдың жиегін тұраққа айналдырған көліктерден тазартты. Айта кету керек, кейбір жүргізушілер оқиға орнынан қашып үлгерді. Осы орайда тәртіп сақшылары қала тұрғындары мен көлік иелерін жол жүру ережелерін сақтауға шақырады.