Жол жүру тәртібіне өзгерістер енгізілді

538
Жол белгілеріне бағынатын кез келді

Бір бағыттағы екі жолақпен қазір жеңіл көлік тұрмақ қоғамдық көлік – автобустар да бұрылады. Әдеттен арыла алмай әлекке түскен жүргізушіні оқиға орнында жол-патрульдік полициясы тоқтатып, жуырда ғана енгізілген жаңа заңнаманы түсіндірді. Бірақ, тал түсте құқық бұзушылыққа жол берген жүргізуші ереже-заңды түсініп-қолдауға құлықсыз. Сондықтан әкімшілік хаттама толтырылып, тиісті шараға көшті.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, енгізілген жаңа заңнама қоғамдағы, жүргішілер арасындағы құқық бұзушылықьтың азаюына сеп болады. Қавйғылы жағдайдың жойылуы үшін күшіне енген бірқатар өзгерістерге мамандар арнайы тоқталды.

Алмасхан Тастанбеков, ОҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының әкімшілік практика бөлімінің бастығы: «Жолда қарсы беттен келмей-ақ жолай, қос жолақшаның бірінен яғни бағдаршамнан бұрылған жүргізуші көлік тізгіндеу құқынан айырылады. Бұл қадам енді қарама қарсы жол болып есептеледі. Көлік тізгіндеген азамат жүргізуші куәлігінен айырылады. Ал ащы суды ұрттап рөлге отырсаңыз, енді екі емес, 3 жыл бойы автокөлік басқара алмайсыз».

Сондай-ақ, бағдаршам жүруге тыйым салғанда, алдындағы ақ сызық-жолақтарды басқан жүргізушлер бұған дейін 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде – 11345 теңге айыппұл төлеп келсе. қазір мұның құны анағұрлым, азайып отыр. Яғни, 3 айлық есептік көрсеткішке – 6807 теңгеге теңесті.