Cәуле шағынауданындағы 1200 орынды жаңа білім ошағының құрылысы бітуге жақын. Бүгінде құрылыс жұмыстары қыза түскен. 2015 жылдың қыркүйегінде басталған жұмыстар аяқталып, енді шілде айының бірінде пайдалануға берілмек.
Білім ұясының іргетасын қалауда студенттердің де үлесі бар. Олай дейтініміз, «Арт Құрылыс» компаниясы бүгінде 70-ке жуық негізгі жұмысшылармен бірге студенттік құрылысың жасағының 20 жасын жұмыспен қамтып отыр. Олардың барлығы М. Әуезов атындағы ОҚМУ-де құрылыс және көлік мамандығы бойынша білім алады. Келгеніне 1 аптадан асқан жастарға негізінен сырлау, сылау, тазалау сынды жұмыстар жүктелген.
Рысдәулетов Бағдәулет биыл алғаш рет құрылыс жасағында. Болашақ құрылысшы. Қатарластарымен бірге өз еркіммен келдім деген жас тыным таппайды. Өзіне тапсырылған жұмысты тиянақты орындауға тырысады. Мұнда үйренгенім көп дейді студент. Өйткені теория жүзінде оқып-білгенді тәжірибеде үйлестіре білу пайдалырақ екенін жақсы түсінеді.
Студенттік жасақта қыз балалар саны да аз емес. Ер-жігіттерден кем жұмыс жасамайтын қыздар қауымы қолдарына қалақшаны алып, сылауда машықтанып алыпты. Жұмыстарды ауырсынып, қиынсынғанын байқамадық. Ал мектеп қабырғасын әктеуде қыздар алдына жан салмайтын болып шықты. «Күнделікті жүмысымыз, сондықтан біз үшін еш қиындығы жоқ» дейді арулар. Оның үстіне күніне бір рет тегін тамақ пен жұмыс күніне сай еңбекақылары төленеді.
Биыл студенттер жасағына 500-ден аса жас тартылған. Барлығы да құрылыс мамандығы бойынша білім алады. Бүгінде студенттер бірнеше нысан бойынша еңбек етуде. Дені Сәуле шағындауданындағы мектеп құрылыстарына, Нұрсәт шағынауданындағы көпқабатты үйлерлі салуда көмектесіп жатыр.Бұған қоса аулалалар мен көшелерді абаттандыру жұмыстарына жұмылдырылған. Студенттік құрылысы жасағы штаб жетекшісінің орынбасары Серік Сапаровтың айтуынша, жастар бір ай бойы іс-тәжірибеден өтіп қана қоймай, 50-70 мың теңге аралығында еңбекақы алады. Күніне бір рет тегін тамақпен қамтылған.