Қаратау ауданында сығымдау жұмыстары басталды

337
Қаратау ауданында сығымдау жұмыстары басталды

Нұрсәт шағынауданындағы көпқабатты үй тұрғындары биылғы қыста тоңбайды. Қаратау ауданы аумағында құрылған тұрғын үйге қызмет көрсету мекемелері жертөлелердегі жылу жүйелеріне сығымдау жұмыстарын жүргізуде. Мамандар халықтан сұраныс болған жағдайда подъездерді де ағымдағы жөндеуден өткізуді қолға алыпты.

Ауданда орталық қазандықтан жылу алатын 247 көпқабатты үй бар, соның жылу жүйелерінің 63 пайызы сығымдаудан өткізілді. Ал Нұрсәт шағынауданындағы жылу құбырларының ысырма бөлшектерін қызмет көрсететін «Спец комплект сервис» мекемелері өз есептерінен жаңа үлгіге алмастырып жатыр. Осы жұмыстардың сапалылығын қадағалау үшін мұнда басқарушы компания да құрылған.

Бұдан бөлек бүгінгі таңда 40-тан астам үйдің подъездері әктеліп-сырланды және кезекте 33 үй тұр. Келісім бойынша «Спец комплект» мекемесі өз есептерінен жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Ал оның ақысын тұрғындар әр ай сайын үстемесіз бөліп, төлеуге мүмкіндіктері бар екен.

Жалпы Қаратау ауданында соңғы жылдары көп қабатты үйлерді күтіп-ұстауға көп көңіл бөлініп жатыр. Мұнда бір басқарушы компаниядан бөлек және 5 қызмет көрсету мекемесі құрылған. Мұның барлығы тұрғындар үшін қызмет жасау дейді сала мамандары.

Нұрлан Күдерұлы