Шымкентте сығымдау жұмыстары аяқталып келеді

354
Шымкентте қысқа дайындық басталды

Шымкентте алдағы жылу маусымына дайындық ширатыла түскен. Тозығы жеткен орамішілік құбырлар жаңаланып, олар арнайы материалдармен қапталуда. Мысалы, Еңбекші ауданында 527 үй орталық жүйеге қосылған. Қазіргі таңда 507 үйде сығымдау жұмыстары аяқталып, жылу маусымына дайын дейді әкімдік өкілдері. Бұл үйлердің 296-сы коммуналды мекемелермен келісім-шарт түзген. 210 үйдің тұрғындары өз күштерімен қысқа қамдануда. Дегенмен, ауданда екі үйде сығымдау жұмыстары жүргізілмепті.

«Қуат жылу орталығы-3» мекемесінің техникасы 17-шағынауданындағы қазылған жерлерді қалпына келтіруге кіріскен. Мұнда коммуналшылар тозығы жеткен құбырларды алмастырып, арнайы материалмен қаптауда. Жаңаланған құбырлар қөпқабатты үйдің элеватор түйініне дейін қапталады, соның нәтижесінде жүйедегі жылу пәтерге еш шығынсыз жетеді дейді жұмысшылар.

Еңбекші ауданында 630 көпқабатты үйдің 527-і орталық жүйеге қосылған. Қазіргі таңда 507 көпқабатты үйде сығымдау жұмыстары аяқталып, олар жылу маусымына дайын дейді әкімдік өкілдері. Бұл үйлердің 296-сы коммуналды мекемелермен келісім-шарт түзген, 210 үйдің тұрғындары өз күштерімен қысқа қамдануда. Ауданда екі үй – Теріскей шағынауданындағы №2 және 18-шағынауданындағы №16 үйде ған бүгінге дейін сығымдау жұмыстары жүргізілмеген.

Мамандарың мәлімдеуінше, аталған проблемалы екі үйден бөлек аудандағы 20 көпқабатты үйдің тұрғындарымен жылу маусымына дайындалу жөнінде жұмыс жүргізулде. Бір үйде сейсмонығайту, «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы бойынша үш үйде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу аяқталса және қалған 16 үйде қаржы жиналса, сығымдау жұмыстарына кіріседі. Әкімдік өкілдері қазанның 20-на дейін жоспарлы іс шараларды аяқтаймыз деген сенімде.