Әкімшілік-іскерлік орталықта сейсможаттығу өтті

336
Әкімшілік-іскерлік орталықта сейсможаттығу өтті

Бүгін Шымкенттегі әкімшілік-іскерлік орталықта сейсможаттығу өтті. Оның аясында жер сілкінісі бола қалған жағдайдағы әкімдік қызметкерлерінің әрекеті пысықталды. Іс-шараға әкімдіктен 250 қызметкер мен облыстық төтенше жағдай департаментінің 60 маманы қатысты.

Әкімшілік-іскерлік орталықта сейсможаттығу өтті

Дабыл қағылған соң облыстық әкімдік қызметкерлері ғимаратты тастап шығып, арнайы орынға жиналды. Ары қарай құтқарушылардың нұсқауын күту керек. Кейінірек облыс әкімінің орынбасары Жақып Бөкенбаев төтенше жағдай болғанда қолданылатын арнайы техниканы көріп шықты. Жаттығу кезінде барлығы 50 техника ұсынылды, олардың арасында өрт сөндіру көліктері мен арнайы қызмет техникасы бар.