Өмірзақ Шөкеев инвестициялық жобалармен танысты

107

Түркістан қаласының шығыс бағытында орналасқан жаңа Әкімшілік-іскерлік орталығында жеке кәсіпкерлер есебінен бірнеше тұрғын үй кешендері мен коттеджді қалашықтар, заманауи қонақ үйлердің құрылысы жүріп жатыр.

Сондай-ақ жаңа ғимараттар мен кеңселер бой көтеріп, сауда, ойын-сауық орталығы салынады дейді мамандар.

Айта кетейік, Әкімшілік-іскерлік орталық 1500 гектарға жуық аумақты қамтиды. Онда Түркістан облыстық адвокаттар коллегиясы мен облыстық нотариалды палата ғимараттары орналасады.

Сонымен қатар, инвестициялық жобалар арасында «Шахмат орталығы», мейрамханалар желісі, медициналық орталық, стоматология орталығы, коммерциялық ғимараттар мен ағаш көшеттерін өсіретін кешеннің құрылысы жоспарланған.

Мөлдір Ибадуллаев