Ішікті «Шубоманиядан» таңдаңыз!

318
Ішікті

Сырт киімнің стилі мен сапасына мән беретін сәнқой, сылқымдардың назарына! Шымкентте ашылған «Шубамания» жәрмеңке-көрмесі баршаңызды шақырады. Мұнда келіп, эксклюзивті тондарды жазғы жеңіліктермен, арзан әрі тиімді бағада сатып алуға асығыңыз.

«Шубаманияның» шымкенттіктерге ұсынар тауары көп. Эксклюзивті тонның жаңа үлгілерімен қоса былтыр шымкенттіктер ұнатып қалған тондар да жетерлік. Капюшонды, «трансформер», «автоледи» деп тізбектей беруге болады. Бағалы бұлғын, көз тартар қара бурыл түлкі, сәннен түспейтін құндыз, мутондардың сан алуан түрін «Шубаманиядан» табасыз.

Татьяна Кирьякина, «Шубамания» жәрмеңке-көрмесінің өкілі: «Біз жаңа эксклюзивті тондарды да алып келдік. Тондардың төресі – бұлғыннан жасалғаны. Астарында питонның терісі бар. Мутонның өзгеше өңделген заманауи сәнді түрлерін тек бізден ғана таба аласыз.»

Қашан да сәннен қалмайтын құндыздың тың түстері «Шубамания» жәрмеңкесінде ғана сатылады. Қою сұр, қоңыр сұр, биылғы тренд – сұрғылт түстің барлық реңкін табуға болады. Бастысы – барлығы да өндірушінің белгілеген бағасымен тым арзан.

«Шикізатты Копенгаген аукционынан аламыз. Ресейдің ең таңдаулы өндірушісінің өнімі. Шымкентте кездесе бермейтін тондарды жазғы жеңілдікпен тиімді арзан бағада ала аласыздар. Қапы қалмаңыздар.»

Ендеше, тон сатып алуды ойға алсаңыз, тұп-тура Темірлан тасжолы бойында орналасқан «Шубамания» жәрмеңке-көрмесіне жол тартыңыз. Сүйіктіңіз бен жақыныңыз үшін тоннан асқан сыйлық жоқ.

Жанар Есенбекова