Облыс аумағында 15 тамыздан бастап көлік прокуратурасы арнайы мобильдік топтар құрып, рейд өткізіп жатыр. Нәтижесінде 30 заңсыз тасымалдаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жолаушыларға көрсетілетін қызметтің сапасын арттырып, қауіпсіздікті мақсат тұтқан көлік прокуратурасы бұл бағытта жергілікті полиция қызметінің жұмысы нәтижесіз дейді.
Оңтүстікте биыл 7 айда қоғамдық көліктердің қатысымен 22 жол-көлік оқиғасы болған. Түрлі дәрежеде жарақат алғандар бар. Десе де, жергілікті полиция қызметінің сапасына көңіл толмайды дейді көлік прокурорлары.
Ал жергілікті полиция қызметінің өкілдері биыл жол-көлік оқиғасы азайғанын айтады. Темір тұлпарды тізгіндей алмаудың құрбандарының да саны кеміді дейді.
Көлік прокуратурасы жол апатында заңсыз тасымалдаушылардың да үлесі аз емес екенін айтады. Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді міндетіне алғандар қызметін заңдастырудан қашады.
Жанар Есенбекова