Шымкентте ұшақ бортында табылған 111 мың доллар мемлекет кірісіне өткізілді

426

Шымкентте Ыстанбұлдан ұшып келген ұшақ бортынан табылған 111 мың доллар мемлекет кірісіне өткізілді. Бұл туралы Timeskz.kz Шымкент көлік прокуратурасына сілтеме жасап хабарлады.

Қыруар ақша 2011 жылы табылған. Сол уақытта контрабандаға қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын. Шетел валютасын тасымалдағандардың кім екені ақыры анықталмады – қылмыстың ізі суымай да, кейін де, сотқа дейінгі тергеуде де.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, қылмыстық іс заңнамадағы өзгерістерге сәйкес тоқтатылған. Шымкенттің көлік прокуратурасы мағлұмдамасы жоқ валютаны мемлекет кірісіне өткізу туралы сотқа талап арыз берді. Абай аудандық соты талап арызды мақұлдады.