Оңтүстікте жаңа оқу жылында 73 мың бала 1 сыныпқа барады

276
Бейбіт Атамқұлов бірінші сыныптың әр шәкіртіне ағаш егуді ұсынды

Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа оқу жылында 73 мың бала 1 сыныпқа барады. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жаңа 2017-2018 оқу жылына дайындық барысы туралы баспасөз конфенциясында облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков мәлім етті.

Оның айтуынша, білім күнінде облыста құрылыс жұмыстары аяқталған жаңа 20 мектеп ғимараты пайдалануға беріледі. Соның алтауы жаңадан ашылып, өңірдегі орта мектептің саны 1021-ден 1027-ге жетіп отыр. Сондай-ақ, 7 жекеменшік мектеп жұмыс істейді.

Оңтүстікте жаңа оқу жылында 73 мың бала 1 сыныпқа барады

Баспасөз конференциясында мәлім болғандай, облыста 79 білім беру нысаны салынып жатыр. Оның жыл басынан бері жетеуі тапсырылса, 22-сі жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Ал қалған 58-і келер жылға өтпелі. Осының нәтижесінде биыл апатты 8 және үш ауысымды 12 мектептің мәселесі шешіледі.

– Оңтүстік Қазақстан облысында білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Өңірдегі 1034 мектепте жаңа оқу жылында 640 мыңға жуық оқушы білім алады деп күтілсе, оның 73 мыңы бірінші сыныпқа барады деп жоспарлануда, – деді Ұ.Сәдібеков.

Оқулықпен қамтамасыз ету жайын баяндаған аймақ басшысының орынбасары 20 тамызға дейін барлық мектептер қажетті кітаппен қамтылатынын айтты.

– Жаңартылған білім беру мазмұнына сай және 2, 5, 7 сыныптардың көшуіне байланысты, 3,5 млн-ға жуық кітапты сатып алуға жергілікті бюджеттен 4,5 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі таңда 2 млн-ға жуық кітап мектептерге жеткізілген. Яғни 56 пайыз, ал қалған кітаптар 20 тамызға дейін толық жеткізілетінін болады, – деді Ұ.Сәдібеков.

Сондай-ақ, облыстағы мектептерді жаңа оқу жылына дайындау мақсатында жергілікті бюджет есебінен 897 мектеп ағымдағы жөнделсе, бүгінгі күнге 847-сінде жөндеу жұмысы аяқталған. Ал 43 мектепте жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары 25 тамызда аяқталады деп жоспарлануда.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі