Шымкент тұрғыны «Оңтүстік цирк» мекемесіне абдан сыйлады

380
Шымкент тұрғыны «Оңтүстік цирк» мекемесіне абдан сыйлады

«Оңтүстік цирк» мекемесі тағы бір жыртқыш аңмен толықты. Оңтүстіктің цирк өнеріне болысып, оның өсіп, өркендеуіне атсалысқысы келген Шымкент тұрғыны Фаат Мансуров мекеме ұжымына африкалық арыстанның төлі – абданды сыйға тартты.

Он айлық абдан Симба қожайынына Ресейден жеткізілген. Әкесіне оны ұлы сыйлапты. Жарты жыл кішкентай арыстанды үйінде асырап келген Фаат Ядикарұлы жыртқыш аңды күнделікті балғын ет және сүтпен асырап келіпті.

Шымкент тұрғыны «Оңтүстік цирк» мекемесіне абдан сыйлады

Абданды ерекше қуанышпен қарсы алған цирк жаттықтырушылары Симбаны болашақта түрлі әдіс-тәсілдерге үйретіп, халыққа өнер көрсететін аңға айналдыруды көздеуде. Бүгінге дейін олар үш арыстанды баптаса, сыйланған арыстан баласы төртінші болып қосылып отыр.

Айта кету керек, 2011 жылдан бері күнгейлік жұртшылыққа қызмет етіп келе жатқан «Оңтүстік киркте» түрлі өнердің майталмандары бас қосқан. Онда бүгінде мәдениет қызметкерлерінен бөлек 6 жылқы, 3 пони, 3 арыстан, 2 аю және 2 күшік үйретіліп, жаттықтырылуда.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Самат Мырзалиев