Тамыздың 24-інен 25-іне қараған түні Шымкенттің біраз бөлігінде су өшіріледі

Тамыздың 24-інен 25-іне қараған түні Шымкенттің бірқатар аудандарында су өшеді. Бұл туралы «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС-нің өкілдері хабарлады.

«Жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты 24 тамыздан 25-іне қараған түні, сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін мына аудандарда су берілуі тоқтатылады:

Қонаев даңғылы, Верещагин, Тәшенов, Шәймерденов, Түркістан, Іляев, Желтоқсан, Қазыбек би, Байтұрсынов, Әл Фараби, Гоголь, Диваев, Алпысбаев, Қалдаяқов, Мақталы, Интернационал, Құрманбеков көшелері, Абай даңғылы, Темірлан тасжолының Мангельдин көшесінен Қатын көпірге дейінгі бөлігі, Желтоқсан көшесінің Рысқұлов көшесінен Бауыржан Момышұлы даңғылына дейінгі бөлігі, Бауыржан Момышұлы даңғылының Іляев көшесінен Қожанов көшесіне дейінгі бөлігі, 3, 4-шағынаудандар, Тельман бөлімшесі, 112-орам, Шағын Самал, Рысқұлов көшесі (Қажымұқан стадионынан Өтеген батыр көшесіне дейін), Тәуке хан даңғылының Аймауытов көшесінен Бауыржан Момышұлы даңғылына дейінгі бөлігі, Жолдасбеков (Халтурин) көшесі, Тяжев, Сасбұқаев, Крегер көшелері» делінген хабарламада.

Тамыздың 24-інен 25-іне қараған түні Шымкенттің біраз бөлігінде су өшіріледі

 

«Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және түсіністік үшін алғыс білдіреді.