Bank CenterCredit ипотекалық несие бередіКомпания жаңалығы 

Bank CenterCredit ипотекалық несие береді

Қазақстанда ипотекалық несие көлемі ұлғайып келе жатқанын жоғарыда айтып өттік. Оңтүстікте тұрғындарға осындай мүмкіндік ұсынатын қаржы институттарының бірі — ЦентрКредит банкі. «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының операторы ретінде аталмыш банк сізге жеңілдетілген ипотекалық несие алуға көмектеседі.

Тұрғын үй құрылысы бөлімі және құрылысшылар мен банк арасындағы үш жақты кездесуге ұйытқы болған — ЦентрКредит банкі. Банк жеке және заңды тұлғаларға 29 жылдан бері қызмет көрсетіп келеді. ЦентрКредит банкі Қазақстан ипотекалық компаниямен бірігіп, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ипотекалық бағдарлама үлестірген. Аталған бағдарлама бойынша қарыз алушының ай сайынғы төленетін сомасына жеңілдік жасалса, сыйақының бір бөлігін Қазақстанның ипотекалық компаниясы қаржыландырады.

Bank CenterCredit ипотекалық несие береді

Саят Жандосов, БанкЦентрКредит басқармасының басшысы: «Нұрлы жер» мемлекетік бағдарламасына Қазақстанның әрбір азаматы қатыса алады. Ипотекалық несиені рәсімдегенде банк комиссия алмайды. Сатып алатын жылжымайтын мүлікке қатысты ерекше талаптар жоқ, негізгі талап — пайдалануға берілген баспана болуы тиіс. Аталған мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылғаннан бері 1 млрд теңге көлемінде 111 несие берілді. Және бес мыңға жуық кеңес көмек көрестілді. Нәтижесінде 1,9 млрд теңгенің өтінімі мақұлданған.»

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысу үшін 3 талапты орындау қажет. Несие тек пайдалануға берілген жаңа баспанаға беріледі. Бастапқы жарна — 30 пайыз. Оңтүстік өңірі үшін қарыздың ең жоғары субсидияланатын сомасы — 15 млн. теңге. Ипотека бойынша қарыз алушы үшін түпкілікті мөлшерлеме — 10 пайыз.

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы ипотекалық нарықты несиелеуді қалыптастыруға және экономиканың құрылыс секторының белсенділігін арттыруға бағытталған әлеуметтік бағдарлама дейді қатысушылар. Ол дер кезінде қабылданған деп қосады.

Өтінімді қарастыруға қажетті құжаттардың тізімін сіз «БанкЦентркредит» АҚ-нан білесіз. Мекенжайы: Байтұрсынов көшесі, №20 А. 101-кабинет. Байланыс телефоны: 99-72-69

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz