Биыл 66 үй беріледі

276

Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 66 тұрғын үй беріледі. Бұл туралы Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ОҚО филиалының директоры Қасымбек
Маликов мәлімдеді. Кездесуде Қ. Маликовтан баспанаға мұқтаж азаматтардың көкейінде жүрген біршама сауалдарына жауап алдық.

С: «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасы арқылы қалай үй алуға болады?

Ж: Бағдарламаның 5 бағыты бар. Соның ішінде, «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» кредиттік және жеке тұрғын үй құрылысын салуды несиелендіреді. Қазір дайындық жұмыстары жүруде. Мұнда баспаналы болудың өз ережесі бар. Егер жеке тұрғын үй салатын болса, жер кезегінде тұруы міндетті. Сосын жергілікті әкімдік құнды қағаз шығарады. Қаржыландыратын «BAITEREK Development» АҚ. Әкімдік бағытымен салынатын тұрғын үйлердің 1 шаршы метрінің бағасы 140-180 мың теңге аралығында бекітілген. Ал жекеменшік үйлердің бағасы инженерлік коммуникацияларын есептемегенде, шаршы метріне 120 мың теңгеден аспайды.

С:Мемлекеттік бағдарлама арқылы бас-паналы болғысы келетін азаматтардың алдынан шығатын бір мәселе – табыс-ты растайтын анықтама тапсыру. Бұл тұрғыдан қандай да жеңілдіктер бар ма?

Ж: Несие алатын азамат табыс көзін растауы қажет. Бұл Ұлттық банктің екінші деңгейлі банктерге қойған талабының бірі. Себебі, несие алынған соң ертең қайту қажет. Табыс көзі жоқ адам қаржыны қалай қайтарады? Сондықтан, бұл тұрғыдан ешқандай жеңілдік жоқ.

Айгүл КЕРІМБАЙҚЫЗЫ