Қала күніне орай шаһарымызда «Шымкент Арбаты» туристік қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Жәрмеңке 23 және 30 қыркүйек аралығында «Жастар ресурстық орталығы» ғимараты алаңында өткізілуде. Күнделікті 15:00-ден бастап 19:00-ге дейін қолөнер шеберлері қала тұрғындары мен қонақтарын өз туындыларымен қуантады.
Аталмыш іс-шараның басты мақсаты қолөнершілерді қолдау дейді ұйымдастырушылар. «Шымкент Арбаты» қала, аудандардан 30 шақты қолөнершілерді жинады. Олардың арасында өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған шеберлермен қоса, қол өнердің қыр-сырын енді үйрене бастаған жастар да өз туындыларын халық назарына ұсынуда.
Бұдан бөлек, алаңда шеберлік сабақтары өткізіледі. Жәрмеңкеде былғары, киіз, ағаштан жасалған бұйымдарды, кәдесыйлар, түрлі әшекейлерді осы Арбаттан табуға болады. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта қолөнершілердің өз бұйымдарын сатуға шығаратын тұрақты орны, яғни «Шымкент Арбатын» ашу ойда бар дейді.
Әсем Жайлаухан