Террорлық акт… 150 адамнан тұратын қарулы жасақ ел территориясына еніп, әуежайды, қару-жарақ қоймасын басып алуға әрекет жасады…
Бұл «Қаратау-2017» жедел стратегиялық оқу-жаттығу барысының сценарийі болатын.
«Оңтүстік» аймақтық қолбасшылық тобы арнайы әскери операция барысында қарулы жасақтың көзін жою жаттығуын өткізді. Арнайы топты авиация және артиллерия демеп отырды. «Қаратау-2017» әскери оқу жаттығуы барысында ҚР Қарулы күштерінің барлық құрылымдары атсалысты. Кең ауқымды тактикалық оқу жаттығу Жамбыл облысында өтті.
Оқу жаттығу барысын Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов бастаған казақстандық армияның генералитет өкілдері бақылады. Басшылық оқу жаттығу жоғары деңгейде өткендігін, қойылған міндетті өз деңгейінде орындап шыққандығын атап өтті.