Көмір бағасының қымбаттап кетуі – делдалдардың кесірінен

425

Жыл басынан бергі 9 ай ішінде ішкі нарыққа 55,8 млн. тонна көмір, оның ішінде 40,5 млн. тонна энергия өндіруші кәсіпорындарға жөнелтілген. Осы кезеңде коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке және халыққа 8,0 млн. тонна жеткізілді, бұл 2016 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,5 млн. тоннаға артық.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ақпаратына сәйкес 5 қазандағы жағдай бойынша өңірдегі көмір қоймаларында көмірдің жеткілікті көлемі бар. Мысалыға, Кентау қаласындағы көмір қоры 37 мың. тонна, Түркістан қаласындағы көмір қоры 5 мың. тоннаны құрайды. Көмірдің бағалары: шұбаркөл – 12,5 мың теңге, майкөбе – 8,5 мың теңге.

Астананың екі көмір қоймасында шұбаркөл көміріне жоғарғы баға 14 мың теңгені құрайды (майкөбе көмірі – 8,5 мың теңге). Алматыда бір тонна көмірдің бағасы 15 мың теңгеден бастап (Қаражыра көмірі) 23 мың теңгеге дейін (шұбаркөл көмірі).

Шахтадан көмірдің жіберілетін бағасы айтарлықтай көп емес. Түпкілікті тұтынушылар үшін оның бағасының өсуіне теміржол тарифтері және делдалдық ұйымдардың «қосулары» айтарлықтай әсер етеді. Бұл ретте коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға көмірдің негізгі көлемі тауар биржалары арқылы сатылады.
Жыл сайын жылу маусымына өту кезінде көмір өндіруші компанияларға көмір тиеуге арналған вагондардың уақытында ұсынылмау мәселесі орын алады.

Сонымен бірге, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің талдауына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардан коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға дейінгі көмір жөнелту схемасы көпдеңгейлік делдалдық құрылымдардың барлығын көрсетеді. Ол құрылым материалдық-техникалық базасы (сақтау қоймалары, теміржол кіру жолдары) жоқ көтерме жеткізушілердің сату бойынша іс-шаралардан тұрады және олар республиканың әр өңіріне сататын басқа көтерме-бөлшек сатушыларға көмірді қайта сатуды жүзеге асырады. Нәтижесінде түпкілікті тұтынушыдағы көмірдің бағасы екі-үш есеге өсіп кетеді.

Бұл ретте, көмірге баға белгілеу, сауданы реттеу және делдалдық құрылымдарды жою ҚР Энергетика министрлігінің құзыретіне кірмейтіндігін атап өтеміз.

 

 

Өңірлерде көмірді сатып алу және халық үшін тарату жергілікті атқарушы органдар құзыретіне жатады. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі және «ҚТЖ» АҚ тарапы жылу маусымы өту кезінде көмір тиеуге жылжымалы құраммен уақытында қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды қабылдау, ал ҚР Ұлттық экономика министрлігі тарапынан тауар биржалары қызметін бақылау шараларын қабылдау қажет.

ҚР Энергетика министрлігінің  баспасөз қызметі

P.S   ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі осындай ақпарды бермес бұрын өңірлердегі ахуалды жіті назарда ұстағаны абзал болар еді. Күнгейде көмірдің бағасы — шұбаркөлдікі — 12,5 мың теңге, майкөбе – 8,5 мың теңге деп көрсетіпті. Оның үстіне Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ақпаратына сәйкес деп нақтылаған. Бүгінде өңірде көмірдің тоннасын 12 500 теңгеге қырық рет айналса да емге табылмайтынын біледі ме екен? Ең арзан баға 15 000 теңгені құрап отыр. Ал алыс ауылдарға жеткізілу бағасын қосқанда 22-23 000 мың теңгеге шарықтап кеткен. Мұндай мәліметті бермес бұрын әкімдік қызметкерлері де, министрлік мамандары да өңірдегі баға бағамын нақтылап алғаны дұрыс болар еді!?