Мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін жәрдемақылар мөлшері

842

Облыста 117 392 мыңнан астам мүгедек бар
Оның:
-1-2 топтағы мүгедектер – 56432;
-3-топтағы мүгедектер – 44 164;
-бала кезден мүгедектер саны – 16 796.

 

Мүгедектер мен бала кезінде мүгедек болғандарға жәрдемақыны былайша тағайындалады:
1-топ мүгедегіне – 43 538 теңге,
2-топ мүгедегіне – 33999 теңге,
3-топ мүгедегіне – 23970 теңге,
16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 32042 теңге,
бала кезінен 1-топ мүгедегіне – 43538 теңге,
бала кезінен 2-топ мүгедегіне – 35466 теңге,
бала кезінен 3 топ мүгедегіне – 27884 теңге.

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» құқықтары Қазақстан Республикасының Заңымен реттелген. Осы заңда мүмкіндігі шектеулі  жандардың құқықтары жазылған. Мүмкіндігі шектеулі  балалардың қоғам өмiрiне белсене араласуына денi сау балалармен бiрдей құқығы бар. Солардың ішінде мүмкіндігі шектеулі балалардың басты құқықтары мыналар:
1.Мүгедек балаларды тәрбиелеушi және оларды күтiп – бағуды жүзеге асырушы ата-аналардың және басқа да заңды өкілдері мемлекеттен көмек алуға құқығы бар.
2. Ақыл-есiнiң немесе дене бiтiмiнiң дамуында кемiстiгi бар балаларды қоса алғанда, мүгедек балалар медициналық – әлеуметтiк көмек алуға құқылы.
3. Мүмкіндігі шектеулі балалар біліміне сай кез-келген мектептен бiлiм алуға, шығармашылық және қоғамдық үйірмелерге (биге, әнге т.б)  тегін қатысуға құқылы.
4. Мүмкіндігі шектеулі жандар кез-келген қоғамдық көлікке тегін отыруға және мүмкіндігі шектеулі жандардың ата-аналары автокөліктің нөмерін тіркеудегі баж салығынан босатылады.
5.Мүмкіндігі шектеулі баланың ата-анасын мекеме басшысы жұмыстан екі жағдайда шығара аламайды.
А) Мекемеде қызметкерлерді қысқарту болған жағдайда
В) Мекеменің өнім өндіруі азайғанда мүмкіндігі шектеулі баланың ата-анасын жұмыстан шығара алмайды.
6. Барлық топтағы мүгедектері, сондай-ақ мүгедек баланың ата-анасы жер салығынан босатылады
7.Мүмкіндігі шектеулі балалардың және олардың ата-анасы жеке куәлікке және құжаттама үшін мемлекеттік салықтардан босатылады.
8.Мемлекеттiк органдар және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулық жағдайын, қажеттіліктері  мен мүмкiндiктерiн ескере отырып, оны оқыту, кәсiптiк даярлау, лайықты жұмыс тауып беру және жұмысқа орналастыру үшiн қажеттi жағдайлар жасауға мiндеттi.
                                                                                                                         Айжан ЕРМЕКҚЫЗЫ