ОҚО әкімі «Severance-KZ» халықаралық медициналық қоры президентімен кездесті

277
ОҚО әкімі «Severance-KZ» халықаралық медициналық қоры президентімен кездесті

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Severance-KZ» халықаралық медициналық қорының президентімен кездесті. Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамыту жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ, денсаулық сақтау, білім, инновация салаларын бірігіп дамыту мақсатында байланысты нығайтуға уағдаласты.

Өз кезегінде сөз алған қор жетекшісі Ан Лариса Қазақстан және Оңтүстік Корея республикалары арасындағы әріптестік қарым-қатынастың жақсы деңгейде екенін атап өтіп, Оңтүстік Қазақстан облысынан халықаралық қордың өкілдігін ашуға ниетті екенін жеткізді.

ОҚО әкімі «Severance-KZ» халықаралық медициналық қоры президентімен кездесті

— Оңтүстік Қазақстан облысының 3 миллионға жуық тұрғыны бар. Жамбыл, Қызылорда сынды көрші облыстар да бізге жақын орналасқан. Сондықтан бүгінгі ұсыныс-пікірлеріңіз ескерусіз қалмайды. Әсіресе, медициналық туризмді дамыту жөніндегі ұсыныстарыңызды қолдауға әзірміз. Бұл ретте Оңтүстік Кореяның үздік заманауи технологияларын бірлесе меңгеру өте маңызды, — деді Жансейіт Қансейітұлы.

ОҚО әкімі «Severance-KZ» халықаралық медициналық қоры президентімен кездесті

Кездесу барысында облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен «Severance-KZ» халықаралық медициналық қоры арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. Аталған келісім негізінде қор азаматтарымызға медициналық көмек көрсетіп, әлеуметтік мекемелерге қолғабыс жасайтын болады. Сонымен қатар, ота жасауда, кадр даярлау, донор табу мәселелерінде өңірлік мекемелермен бірлесе жұмыс атқармақ.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Самат Мырзалиев