Оңтүстіктің кәсіпорындары 2017 жылдың 8 айында 510 млрд теңгенің өнімін шығарыпты. Әсіресе, азық-түлік өндіру көлемі мен химиялық өнеркәсіп тауарларын шығаруда, өңдеу өнеркәсібінде өсу байқалады.
Бұл туралы облыстық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізген облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Батырхан Құрмансейіт мәлімдеді.
Ал өңірдің негізгі капиталына құйылған инвестиция көлемі 266 млрд теңгені құрапты. Жыл соңына дейін оны 420 млрд-қа жеткізу көзделген.
Облыс басшылығы бұл жоспарды бірнеше елдердің өкілдерімен жасалған келісімдер негізінде іске асырмақ ниетте. Десек те, биыл іске аспай қалуы мүмкін жобалар да бар. Олардың бірі — Арабтар қызығушылық танытқан Түлкібас ауданында ашылады деп жоспарланған құс фабрикасы.