Шымкентте 1 ай ішінде 70 млрд. теңгенің өнімі өндірілген

33

Шымкент қаласында ағымдағы жылдың 1 айының қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық салада өсім бар. Атап айтқанда қаңтар айында 70.3 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілген.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8.2 пайызға жоғары. Мегаполисте биыл жаңа 9 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Ол үшін кәсіпкерлер тарапынан 9 миллиард теңге инвестиция салынбақ. Ал ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 6.9 пайызға ұлғайып, меже 3.1 миллиард теңгеге жетті.

Сонымен қатар жыл басталғалы негізгі капиталға 23.5 миллиард теңге тікелей инвестиция тартылды.