Оңтүстікте жаңа сүт өңдеу зауыты іске қосылады

1232
«Бөрте Милка» компаниясы сүт өңдеу зауытын іске қосады

Оңтүстікте «Бөрте Милка» компаниясы сүт өңдеу зауытын іске қосады. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен блогерлерге арнап ұйымдастырған пресс-тур барысында белгілі болды.

«Бөрте Милка» компаниясы сүт өңдеу зауытын іске қосады

Журналистер мен блогерлер тобы «Бөрте Милка» компаниясында болды. Таяу күндері мұнда сүт өңдеу зауыты іске қосылмақ. Оның қуаттылығы 50 мың тоннаға жуық болмақ. Кәсіпкерлер қаймақ пен айран шығаруды жоспарлар отыр. Ең жас клиенттерін де ұмытпаған өндірушілер балаларға арнап «Бөрте Милка» йогуртының 6 түрін шығарамыз дейді. Кәсіпкерлердің айтуынша, қазіргі таңда зауыт іске қосылуға толықтай дерлік дайын. Іске қосылған күннен бастап шағын фермерлерден де сүт қабылдай бастамақ. Олармен келісім-шарт жасалады.

Оңтүстікте жаңа сүт өңдеу зауыты іске қосылады

Бүгінгі таңда «Бөрте Милка» компаниясының сүт-тауарлы фермасы жобасы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ордабасы ауданында жүзеге асырылуда. Компания кешені өңірдегі жалғыз роботтандырылған сүт-тауарлы ферма болып саналады. Ферма шведтің DeLaval компаниясының ең заманауи технологиясын қолданып соғылған.

Оңтүстікте жаңа сүт өңдеу зауыты іске қосылады

Мұндағы барлық жұмысты дерлік роботтар атқарады, яғни, автоматты құрылғылар сиырды тазалап, сауады және тұратын орнын тазалайды. Жемделетін сиырларды салқындату жүйесі, метеостанциясы бар желдеткіш жүйесі, күндізгідей жарық жүйесі, сиырдың тойғанын анықтау камералары орнатылған.

Оңтүстікте жаңа сүт өңдеу зауыты іске қосылады

Инвестиция көлемі 2,4 млрд теңгені құрайды. Мұнда Гольдштейн Фриз тұқымдас 700 сиыр бар. Әрқайсысына бірегей коды бар чип орнатылған. Сауын сиыр туралы ақпарат жалпы компьютерге түседі. Әр сиырдан тәулігіне 30-40 литр сүт сауылады. Осылайша бір тәулікте шамамен 9 тонна сүт жиналуда.