Қасиетті мәуліт айы басталды

667
Қасиетті мәуліт айы басталды

Қасиетті мәуліт айы басталды. Мәуліт айы — барлық мұсылман халқы үшін ерекше мейрам. Жұртшылыққа иман шуағын шашар діни мерекелердің қатарында осы Мәуліт кеші де мағынаға толы мәнерде атап өтіліп келеді.

Биылғы рухани кеш «Үмбет сағынышы» тақырыбында өрбіді. Дінге бет бұрған жамағат залға лық толып, кештің шымылдығы Пайғамбарымызға салауат айтудан бастады. Имамдар Мәуліттің маңыздылығы мен артықшылығына тоқталып, баяндама жасады. Мәуліт кеші пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) жайындағы ғибратты оқиғаларды, маңызды шара екенін баса айтты. Пайғамбарымыздың өмірінен сыр шертетін кештен көрермен рухани әсер алып қайтты.