Қырық азаматтың атынан жалған жолмен несие алған. Осындай айыппен Сарыағаш қаласының 25 жастағы тұрғыны жауапқа тартылды. Нақтырақ айтқанда, айыпталушы азаматша шағын несие компаниясында оператор қызметін атқарып жүріп 40 адамның атынан жалған несие шығарған. Содан кейін осыншама несиенің жартысын өз қалтасына басқан.
Файзулла Тұрымов, Сарыағаш ауданы прокурорының орынбасары: «Сарыағаш қаласының тұрғыны, 1992 жылы туылған К деген азаматша шағын несие компаниясында жұмыс істеген. Оператар-кассир болып жұмыс істеп, қырық адамның үстінен көтерме несие алып, өз қалтасына басып отырған. Қазіргі таңда азаматшаның үстінен қылмысты іс қозғалып, бір жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.»
Айыпталушының ісі бойынша екі бөлек сот отырысы жүргізілді. Бірінші сот отырысының шешімі бойынша ол бір жылға бас бостандығынан айрылды. Сондай-ақ, жалған жолмен өзгелер үшін несие алған азаматша шығынды өтеуі тиіс. Сотқа дейін тергеу жұмыстары жалғасуда.