Қазақстан халықтар достығы университетінде халықаралық конференция өтті

935
Қазақстан халықтар достығы университетінде халықаралық конференция өтті

75 жас! 10 қараша — Қазақстан халықтар достығы университетін негізін қалаушы Әбдімұса Мұратұлы Қуатбековтың туған күні. Осыған орай аталмыш білім ордасында халықаралық ғылыми конференция өтті. Заманауи білім мен ғылымның жетістігі мен қордаланған мәселелері талқыланып жатқан жиынға көрші елдерден ғалымдар мен оқытушылар арнайы келген.

Қазақстан халықтар достығы университетінің мәжіліс залында ине шаншар жер жоқ. Бүгін мұнда кілең жақсылар мен жайсаңдар жиналып отыр. Олар заманауи білім мен ғылымның жетістігі мен қордаланған мәселелерін де ортаға салу үшін Шымкентке ат басын бұрған.

Роберт Мухарлямов, Ресей халықтар достығы университетінің ректоры: «Біздің университет пен осы университет арасында келісім-шарт түзілген. Осыған орай екі университет арасында тығыз жұмыстар жүргізіледі. Яғни тәжірибе алмасамыз. Біздің шәкірттеріміз қазір осында жұмысқа орналасқан. Біз де маман қабылдауға дайынбыз. Осылайша біліктілікті арттырамыз.»

Қазақстан халықтар достығы университетінде халықаралық конференция өтті

Конференция аталмыш білім ордасының негізін қалаушы Әбдімұса Мұратұлы Қуатбековтің 75 жасқа толу мерейтойымен басталды. Мерейтой иесіне білім және ғылым министрі мен ОҚО әкімінің алғыс хаттары табысталып, иығына шапан жабылды. Осы тұста айта кетейік, Әбдімұса Мұратұлы — өңірімізде жеке жоғарғы оқу орнын ашқан жандардың алғашқысы.

Ал білім ордасының дәлізінде аталмыш университет шәкірттерінің жеткен жетістіктері мен қолөнерін паш ететін көрме ұйымдастырылды.

Айжан Ермекқызы