Төлеби ауданы, Сарқырама ауылдық мәдениет үйінде балалардың шығармашылығын дамыту, халқымыздың асыл мұраларын насихаттау, білімді де өнерлі, салауатты өсір салтын ұстанған ұрпақ тәрбиелеу мақсатында аудандық мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен дәстүрлі аудандық «Ақбота – 2017» ән-би байқауы өтті.
Байқау гобелен өнерінің негізін қалаушы Қ.Тыныбековтың 70 жылдығына, «ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі және ҚР мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына орай өткізіліп отыр. Байқау ережесі бойынша үміткерлер Отан, туған жер, ата-ана, балғын балалық шақ туралы әндер орындауы тиіс болатын.
Қазылар алқасының шешімімен ән жанры бойынша Бас жүлде – Қаппар Бекасыл (Ленгір қаласы), І орын Шалқарбай Мейрамбек (Аққұм а/о), ІІ орын Шынар Бауыржан (Жеңіс ауылдық мәдениет үйі), Әділет Бекзат (Ленгір қаласы) және Омархан Арай (Ленгір қаласы). ІІІ орын Төлен Сырлыбек (сарқырама ауылдық мәдениет үйі) және Бейсен Мұхтархан (Оңтүстік ауылдық клубы) қанжығаларына байланды.
Би жанры бойынша Төлеби ауданы әкімінің арнайы сыйлығымен Ералхан Аружан (Киелітас а/о) марапатталды.
Төлеби аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің арнайы сыйлығымен Бекәділ Жанберген (Ленгір қаласы) марапатталды.
Асылхан Қалтаев атындағы арнайы сыйлығымен «Айкүміс» би тобы (Ленгір қаласы) марапатталды.
Бекзада Акимова атындағы арнайы сыйлықпен Сарыбай Айнұр (Көксәйек ауылдық мәдениет үйі) марапатталды.