Алматы, Астана қаласынан келген дәрігерлер Шымкентте қабылдау жүргізді. Мамандар облыстық балалар ауруханасы жанындағы емханада медициналық тексеру өткізді. Өзге қаладан келген ақ халаттылар туа бітті түрлі дертке шалдыққан балаларды тексерді. Олардың арасында ортопед, неврапатолог, реаниматолог және УДЗ маманы бар. Бүгін таңғы сағат тоғыздан басталған тексеру жұмыстары кешке дейін жалғасты.
Сондай-ақ, мамандар церебральді сал дертіне шалдыққан балаларды тексерді. Дәрігерлер дертіне байланысты кейбір балғындарға ота жасау қажеттігін айтып, Алматы, Астана қалаларына жолдама берді.
Лаура Нахыпқызы