«Баланың тұлға болып қалыптасуына ата-ананың қосар үлесі қомақты»

431

«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонақтары — Жанна, Дінмұхаммед Қалу және анасы Арайлым Ахашбаева

— Біздің телеарнамыздың құрылғанына биыл 25 жыл. Осы телеарнамен бірге жасасып келе жатқан бағдарламалардың бірі «Ата анасыз бір сағат» бағдарламасы. Екі бүлдіршін осы бағдарламаға ұйымдастырылған арнайы кастингтен өтті. Іріктеу кезеңінде қай баланың өзін қалай ұстайтыны, камера алдында еркін ұстай білуі соның барлығын байқаймыз. Дінмұхаммед не үшін тележүргізуші болғың келеді?    

— Маған тележүргізуші болу өте ұнайды. Қабілетімді дамытып, жоғ,ары жетістікке жеткім келеді. Голливудтың киноактері болғым келеді.

— Телеарна саған танымал болуға көмектесе ме?    

— Әрине. Өзіңді еркін ұстауға үйретеді. Қысылмай сөйлейді.    

— Жанна саған сұрақ, балалар бағдарламасына жүргізуші болуды неліктен таңдадың?      

— Адамдарды қуантқым келеді. Өзімнің өнерлерімді көрсеткім келеді. Гимнастикамен айналысамын, шпагатка отырамын. Талантты екенімді көрсеткім келеді.     — Өздеріңнің сүйікті істерің қандай?     — Дінмұхаммед: оригами жасауды жақсы көремін, дзюдомен айналысамын, ағылшын, математика, алгебра үйірмесіне қатысамын. Дзюдодан жетістікке жетемін деп ойлаймын.    

 — Арайлым ханымға сұрақ: Бағдарламаға баланың қатысуы, келуі, камера алдында сөйлеуі оңай емес. Көп демеу ата-анаға байланысты, бұл ретте балаларыңызға қандай көмек көрсетесіз?  

 — Әрине, баланың қоғамда тұлға болып қалыптасуына, жан-жақты болып өсуіне ата- ананың тікелей ықпалы бар. Көп нәрсені біле бермейді, түсіне бермейді. Сабағы бар, спорттық жаттығулар бар. Өзімнің кеңесімді айтыпып отырамын. Еркін ұстауға тырысамын. Өз ойын еркін жеткізуі керек. Әр бала дарын иесі. Бір емес брінеше дарыны болуы мүмкін. Соны дамытуға үлес қосатын ата-ана. Уақыт тығызыдығына байланысты көп көңіл бөлінбей қалуы мүмкін. Егер ата-ана баласына көп көңіл бөлсе еліміздің атын шығаратын балалар көп болар еді. Түркі халықтары еркіндікке құмар ғой. Еркін болса көп қырынан танылады. Жауапкершілігі артады.